Новые поступления литературы за август 2018 года


Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе: оқулық.- 11- басылым. - Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 408 б.- ISBN 978-601-7943-09-7

Эллиот Аронсон
Название:Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе
Описание: Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның « Көпке ұмтылтан жалғыз. Әлеуметтік психологияға Kipicпe» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл iлiмдi, салыстырмалы түрде ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса XIX ғасыр соңында ipreтacын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әpi дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ қалын оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін- өзі ақтап алуы, көзciз ceнімгe epyi, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетyi сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижeciндe Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иeлeнгeндiгiн негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жанаша қарауға, ең бастысы. адам психологиясындағы epeкшeлiктepгe мұқият болуға баулиды.

Төртінші индустриялық революция.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы"қоғамдық қоры, 2018.- 200 б.- ISBN 978-601-7943-03-5

К. Шваб
Название:Төртінші индустриялық революция
Описание:Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да. күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық ревалюцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі жағынан да осы уакытқа деінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарьштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізгі қалаушы және тұракты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін аландайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігінe икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.

Тіл біліміне кіріспе.-10-басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры,2018. - 608 б.- ISBN 978-601-7943-11-0

В.Фромкин, Р.Родман, Н.Хайамс
Название:Тіл біліміне кіріспе
Описание:Аты айтып тұрғандай, «Tiл білміне кipicпe» деп аталатын бұл кiтaп келешек филолог мамандарға, шет тiлi филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат 6epyдi көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тiлдiң негіздері тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған. Бұл кітап «Tiл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда eлeyлi толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттардың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелepi жөнiндe жүйeлi білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болғга көмeктeceдi. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік бepeдi. Kiтап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін уйренушілерге, филология факультетінің студенттepi мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.

Әлеуметтік психология.-12-басылым. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы"қоғамдық қоры,2018.- 560 б.- ISBN 978-601-7943-08-0

Д.Майерс, Ж.Туенж
Название:Әлеуметтік психология
Описание:Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулыгының 12-басылымы аталған пәннің нeгiзri бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялқ астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегi рөлі, негізгі қызметі, даму өpici сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымга қызығушылыкқ танытатын оқырман қауымға арналған.

Қазіргі психология тарихы: оқулық.-11-басылым. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы"қоғамдық қоры, 2018. - 448 б.- ISBN 978-601-7943-12-7

Д.П.Шульц, С.Э.Шульц
Название:Қазіргі психология тарихы
Описание: «Қазipri психология тарихы» кітабының 11 -басылымы - психология пәні бойынша қазақ тілне аударылған санаулы еңбектердің бipi. Психологияның пәні ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмipi мен оған айтылған сын- пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалыктарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «өзi оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген тұпнұсқа дәрістер - ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстын Америка психологиясының өciп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған

Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика: оқулық.- 10-басылым. - Астана:"Ұлттық аударма бюросы"қоғамдық қоры, 2018. - 480 б.- ISBN 978-601-7943-13-4

Д.Ф.Куратко
Название:Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика
Описание: Бұл кітап XXI ғасырдағы экономикалық, коғамдық және әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсшкерлік құбылысын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кәсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезендерін сипаттайтын - бастау, жоспарлау, калыптасу және даму сатылары жуйелі әpi дәйекті турде талданған. Кәсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажетті ойлау жүйсі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген. Кітаптың мақсаты - оқырманды үздік кәсіпкерлік тәжірибемен таныстырып, практикалық және экспериментік оқыту әдістері арқылы кәсіпкерлікке қажет дағдыларды ciңipy. Kiтaп бизнес жүргізіп отырған кәсіпкерлер мен болашақта кәсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары және кәсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кәсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ қазақ тіліндегі MBA курсының оқулығы ретінде ұсынылады.

Менеджмент: оқулық. -12-басылым.- Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. - 768 б.- ISBN 978-601-7943-14-1

Р.Гриффин
Название:Менеджмент
Описание: Рикки Гриффинің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бepi ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Қолыңыздағы оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстурлі тусініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей және жанама әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әркайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі. Kiтaп жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін оқырманға арналған және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бipi ретінде ұсынылады.

Ет және ет өнімдері технологиясы:оқу құралы.- Алматы: Бастау, 2018. - 240 б.- ISBN 978-601-7275-75-4

Ш.А.Абжанова, Л.К.Байболова, Н.Жүсіпова
Название:Ет және ет өнімдері технологиясы
Описание: Оқулық технологиялық мамандықтарда оқитын студенттерге, магистранттарға және тамақ өндірісінің мамандарына арналған. Оқулықта ет және ет өнімдерінің технологиясы, ассортименттері, өңдеу әдістері, тұжырымдамалары өндірістің маңызы, нарықтық экономикалық жағдайда ет өнімдерінің ерекшелігі қарастырылған. Ауыл шаруалық малдарын және құстарды сою технологиясы, малдан алынатын қосымша өнімдерді өңдеу, шұжық, тұздалған ет және баска да ет өнімдерінің технологиясы сипатталған.Ет өнімдерін өңдеуге арналған қондырғылаға сипаттама берілген.

Тағам өндірісінің технологиясы: оқу құралы.- 2-бөлім. - Алматы:Бастау, 2018. - 216 б.- ISBN 978-601-281-269-5

Г. Есіркеп
Название:Тағам өндірісінің технологиясы
Описание: Тағам өндірісінің технологиясы» деп аталатын оқу құралы осы аттас курстың зертханалық іс-тәжірибесіне негізделіп, негізгі теориялық курстың алты тарауынан тұрады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ел халқына арнаған «Стратегия-2050» Жолдауында: «Аграрлық секторда жаңа өңдеуші кәсіпорындар желісін құрудың болашағы зор», — деп атап көрсеткен. Қазақстан ет-сут және басқа да ауылшаруашылық өнімдерің өндіру ісінде ең ipi өңірлік экспортерлердің бipiнe айналуға тиіс. Тағам өндірісі саласын дамытудың басым бағыты - ол шикізаттың дайын өнімнің сапасын көтеру, жаңа құрал-жабдықтар, технологиялар, сонымен қатар халықаралық ИСО стандарттарына сай сапа менеджменті жүйелерін енгізу арқылы тағам өнімдерін сақтау мерзімдерін ұзарту. Оқу құралының негізгі теориялық курсы тағам өнімдерін алудың технологиялық, биотехнологиялық, физикалық-химиялық және механикалық үдерістерінің ғылыми негіздерін қамтиды. Тамақ өнеркәсібінің барлық салаларында қaзipгi заманғы және болашағы зор технологияларға, шикізатты кешенді өңдеуге, өндірістік шығындарды азайту, қуаты аз кәсіпорындарда өнім өндіру тәсілдеріне ерекше назар аударылған. Студенттердің білімдерін тексеру мақсатында әр тараудын соңында бақылау сұрақтары берілген. Бұл оқу құралы 5В072800 «Өңдеу өндірістері технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған. Мазмұны жағынан оқу құралы типтік оқу бағдарламасына сай жазылған.

Тіл және мәдениетаралық коммуникация:оқулық.- Астана: "Ұлттык, аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 320 б.- ISBN 978-601-7943-07-3

С.Г. Тер-Минасова
Название:Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Описание: Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен ерекше өpic алуда. Сондықтан өзге жұрттың, тілi мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Мәдениетаралық коммуникация - бугінде кез келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән. Қазқ,тілінде алғаш басылып отырған бұл оқулық түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара уғынысып, ортақ тіл табысуы ушін не маңызды екенін егжей-тегжейлі тусіндіреді. Kiтап тілшілерге, дипломаттарға, әлеуметтанушыларға, психологтер және мәдениеттанушыларға, сондай-ақ қызметі мен күнделікті өмірде ұлтаралық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерімен бетпе-бет келеін көпшілікке арналады.

Әлеуметтану негіздері:оқулық.-9-басылым. - Астана:"Ұлттық аударма бюросы"қоғамдық қоры,2018.- 464 б.- ISBN 978-601-7943-15-8

Д.Бринкерхоф, Р. Уейтс, С.Ортега
Название:Әлеуметтану негіздері
Описание: «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез-құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді. Мәдениет және оған қатысты теориялық көзкарастар, оның әралуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар қамтылып, қоғамдағы институттар туралы толыққанды ақпарат беріледі, қоғам құрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтері талданады. Оқулық әлеуметтануға қызығатын ортаға, студенттер мен магистранттарға арналған.

Экономикс: оқулық.-Астана:" Ұлттык аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018.- 848 б.- ISBN 978-601-7943-10-3

Н.Г.Мэнкью, М.П.Тейлор
Название:Экономикс
Описание: Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» оқулығының халықаралық төpтiншi басылымы - АҚШ бакалавриатында ең көп оқылатын экономика оқулықтарының әлем нарығындағы бүгiнгi талаптарға бейімделген нұсқасы. Экономикалық қатынас субъектілерінің барлығын мысалға ала отырып жазылған кітап бакалавриат деңгейінде білім беру мен оқытуға қажет тапсырма, сызба, сурет, кесте, кейстерді қамтиды. Кітап авторларының басты мақсаты - оқырманды экономист тұрғысынан ойлауға үйрету. Кітап жоғары оқу орындарының экономика мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, экономика жөніндегі білмін арттырғысы келетін талапты оқырман қауымға арналған және қазақ тіліндегі MBA курсы- ның негізгі оқулықтарының бipi ретінде ұсынылады.

Әлеуметтану теориясы:оқулық.- 10-басылым. - Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. - 856 б.- ISBN 978-601-7943-17-2

Д.Ритцер, Д.Степницки
Название:Әлеуметтану теориясы
Описание: Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бipiншi бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептеі1 туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кетйіп модерннің заманауи теориялары - нәсілшілдік пен отаршылдық, жаһандану, структурализм, постструктурализм, постмодеріндік теориялар, яғни XXI ғасыр теорияларының даму үрдістері кеңінен сипатталады. Оқулық әлеуметтану саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, әлеуметтану пәні арнайы оқытылатын жоғары оқу орнының студенттеріне, сондай-ақ осы ғылымға қызығушылық танытқан оқырманға арналған

Сот психологиясы: теория, зерттеу,саясат және тәжірибе:окулық.- Алматы,2017. - 364 б. - ISBN 978-601-217-606-3

Д.Броун, И.Шелл, Т.Коул
Название:Сот психологиясы: теория, зерттеу,саясат және тәжірибе
Описание:

Астробиология. Ғаламдағы тіршілікті түсіну: оқулық.- Алматы:Дәуір, 2017. - 536 б.- ISBN 978-601-217-605-6

Чарльз С. Коккел
Название:Астробиология. Ғаламдағы тіршілікті түсіну
Описание:

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері: тұрақты болашаққа көзқарас: оқулық. -Алматы: Дәуір, 2017. - 320 б.-ISBN 978-601-217-621-6

Роберт Л. Макконнелл, Даниэль К. Абель
Название:Қоршаған ортаны қорғау мәселелері: тұрақты болашаққа көзқарас
Описание: Оқулықта қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері мен қоғамның тұрақты даму бағыттары қарастырылған. Осы тұрғыда авторлар қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым- қатынастарды шешу барысында сыни тұрғыдан ойлауды және математиканы қолдана отырып, жүргізген экологиялық зерттеулерінің қорытындысын баяндап, болашаққа болжам жасаған. Сондай-ақ оқулық қоршаған орта туралы ғылымдар немесе зерттеулер бойынша кipicпe, семинарлық жоғары немесе зертханалық курстармен байланысты сұрактарға арналған негіз болып табылады. Оқулық ЖОО-ның экология және география мамандықтарының студенттеріне, қоршаған ортаны зерттеумен шұғылданатын мамандарға арналған және мектеп мұғалімдеріне қосымша құрал ретінде ұсынуға болады.

Желілік бағдарламау:оқулық.1-т. 1-бөлім.API желілік сокеттері.- 3-бас.- Алматы:Дәуір, 2017.- 488 б.- ISBN 978-601-217-613-1

Ричард В. Стивенс, Билл Феннер, Эндрью М.Рудофф.
Название:Желілік бағдарламау
Описание:

Қазіргі заманғы аудит: оқулық. - 3-басылым.- Алматы: Дәуір, 2017. - 408 б.- ISBN 978-601-217-616-2

Грэм Коссерат, Нейл Родда
Название:Қазіргі заманғы аудит
Описание: Бұл оқулық бакалавриат, магистратура және кәсіби деңгейде білім алушылардың жаһандық нарықта аудит жургізу қабілетін шын мәнінде дамытады. Оқулық тоғыз тараудан, қорытындыдан, білім алушылардың деңгейін бағалауға арналған тест сұрақтарынан, талқылауға арналған сұрақтардан және кәсіби қолдану сұрақтарынан тұрады. Оқулықтың алғашқы төрт тарауында бухгалтер мамандығының рөліне қатысты аудиторлық ортаның мазмұны, қаржылық есептілік аудитінің сипаты мен мақсаты, кәсіби күтілімдерге сәйкес әдептілік міндеттердің маңыздылығы және сипатының түсіндірмесі, аудиторлардың заңды жауапкершіліктершін талқылау туралы айтылады. Аудитті жоспарлаудың және өткізудің негізгі әдістері 5-9-тарауларда түсіндіріледі.

Бизнес және заң: оқулық. I- том.- 3-басылым.- Алматы:Дәуір, 2017. - 468 б.- ISBN 978-601-217-612-4 ISBN 978-601-217-615-5 (I том)

Николас Джеймс
Название:Бизнес және заң
Описание:

Қоғамдық саясат. Саясат, талдау және баламалар: оқулық. - Алматы: Дәуір, 2017. - 468 б.- ISBN 978-601-217-620-9

Майкл Е. Крафт, Скот Р. Фурлонг
Название:Қоғамдық саясат. Саясат, талдау және баламалар
Описание:

Электрлік энергетика инженериясы: принциптері мен қосымшалары: оқулық.- 6-басылым. -Алматы: Дэуір, 2017. - 548 б.- ISBN 978-601-217-617-9

Аллан Р. Хамбли
Название:Электрлік энергетика инженериясы: принциптері мен қосымшалары
Описание: Бұл кітап алгашқы курстардағы мамандықтар бойынша, электр-инженерлік мамандығындагы студенттерге сәйкес деңгейге арналған. Кітапта тізбек талдауларды, сандық жүйелерді, электрониканы және электрлік механиканы қамтиды. Бұндағы пререквизиттер базалық физика және бip айнымалы есептеу болып отыр. Осы кітапты пайдалана отырып, курсты оқыту келесі бағыттар бойынша теориялық және тәжірибелік дағдылар мен тәжірибелерді дамыту мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл оқулық электр энергетика саласындағы мамандарға докторанттарына, магистранттарына және студенттеріне арналған

Заманауи логистика:оқулық.- 11-басылым.- Алматы: Дәyip, 2017. - 176 б.- ISBN 978-601-217-610-0

Пауль Р. Мэрфи, Майкл А. Кнемейер
Название:Заманауи логистика
Описание:

Қалалық су қауіпсіздігі:оқулық.- Алматы: Дәуір, 2017.- 312 б. - ISBN 978-601-217-604-9

Роберт С. Брэрс
Название:Қалалық су қауіпсіздігі
Описание: XXI Ғacыpдa элемдеп ауыл тұрғындарының қалалық жерлерге бұрын-соңды болмаған көші-қоны байқалды. Алдағы онжылдықта судың жаһандық сұранысы жеткізілуден асып түскендіктен, қалалар климаттын, өзгеруі және урбандалудың түрлі әсерлері салдарынан судың қауіпсіздігіне тап болады. Дәстурлі турде қалалық су ресурстарын басқарушылар cyғa деген сұранысты қанағаттандыру үшін кең ауқымды инфрақұрылымдық жoбaлapғa сүйенді. Алайда бул жобалар экологиялық, экономикалық және саяси тұрғыдан қымбат. Қалалық су қаyiпciздiгi қаланың, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс тарапынан сұранысты бacқapyғa көшу қажеттігін айтады. Қалалық су қауіпсіздігі кітабында қалалық су қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін сұранысты басқару құралдарын пайдаланған әртурлі климаттық аймаққа ие жетекші дамыған қалалардың тереңдетілген тақырыптық зерттеулері, табыс деңгейі және тipшілігi көрсетілген. Оқырмандар: жоспарлау бойынша қалалық және аймақтық мамандар, суды үнемдеу және политехнология, үлкен су зерттеулеріне ие халықаралық компаниялар мен ұйымдар, экологиялық және су ҮЕҰ-лар, ғылыми зерттеулер, магистранттар және студенттер.

Заманауи басқару жүйелері: оқулық. 3-бөлім.- Алматы: Дәуір, 2018.- 338 б.- ISBN 978-601-217-609-4

Р.К. Дорф, Роберт X. Бишоп;
Название:Заманауи басқару жүйелері
Описание:

Халықаралық қатынастар теориясының тарихы:оқулық.3-басылым.- Алматы, 2017.- 507 б.- ISBN 978-601-217-608-7

Торбьорн Л. Кнутсен
Название:Халықаралық қатынастар теориясының тарихы
Описание:

Дегармо өндірістік процестері мен материалдары: халықаралық нұсқасы: оқулық. II - том.-11-басылым.- Алматы: Дәуір, 2017. - 544 б.- ISBN 978-601-217-611-7

Ж.Т. Блэк, Р. А. Кохсер
Название:Дегармо өндірістік процестері мен материалдары
Описание:

Инженерлік геотехника: теория және тәжірибе: оқулық. III- том.- 2-басылым.- Алматы:Дәуір, 2017 - 242 б.- ISBN 978-601-7529-64-2 ISBN 978-601-217-607-0 (III том)

Дональд П.Кодуто, Ман-Чу Р. Юнг, Уильям А.Кич
Название:Инженерлік геотехника: теория және тәжірибе
Описание: Бұл оқулық геотехникалық процестердің маңыздылығын, құрылымдық геологияның мазмұнын, құрылысын, қалыптасу уакытын және таралу сипатын ашып көрсеткен. Басылымда топырақтың геотехникалық материал ретінде жіктелуі, оларды анықтаудағы ізденістер мен сипаттау әдістері мысалдарды қарастыру және ерекше оқиғаларды талдау арқылы саралауға мумкінікс береді. Оқулықтағы терминдердің жіктелуі, тәжірибеден алынған суреттер мен сұлбалар басылымның ғылыми-танымдық деңгейін арттыра түседі. Оқулық геология саласында, құрылыста тәжірибеленіп жүрген инженер-геотехник мамандарға, геология, геофизика, гидрогеология, құрылыс және тау-кен ici мамандығының докторанттарына, магистранттарына және студенттеріне де пайдалы

Клетканың молекулалық биологиясы:оқулық. II-том.-6-басылым.- Алматы: Дәуір, 2017.- 660 б.- ISBN 978-601-217-618-6

Брюс Альберте, Александр Джонсон, Джулиан Льюис, Дэвид Морган, Мартин Рафф, Кейт Робертс, Питер Валь
Название:Клетканың молекулалық биологиясы
Описание:Оқулықта молекулалық құрылымдар, геномдық тізбек, белок арақатынастары мен гендер экспрессиясының жаңа ақпараттары: РНҚ-ның жаңа функциялары, бағаналы клеткалар биологиясындағы жеттістіктер, белоктарды, гендерді және клеткаларды визуализациялау, генетика мен ісікті емдеудің жетістіктері және дамудың уақыты, өсудің реттелуі мен морфогенезіне арналған бөлімдері қарастырылады.

Управление финансовыми рисками:учебное пособие. - Алматы: Экономика,2017. - 152 с.- ISBN 978-601-225-861-5

Л.Ж. Кудайбергенова
Название:Управление финансовыми рисками
Описание: В учебном пособии «Управление финансовыми рисками» отражены теоретические и практические аспекты управления финансовыми рисками, в частности, автором раскрыты особенности возникновения финансовых рисков и факторы их определяющие. Автором представлены современные аспекты построения эффективной системы управления финансовыми рисками. Данное учебное пособие рекомендуется для студентов, магистрантов, обучающихся по специальности «Финансы», а также для преподавателей и специалистов в данной области.

Мәңгілік ел: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.-384 б.- ISBN 978-601-04-2998-7

Ж.Ж.Молдабеков
Название:Мәңгілік ел
Описание: Оқу құралы қазақстандық дамудың стратегиялық бағдарына. сапалы кезеңдеріне, Мәңгілік ел идеясы мен Президенттік ұстанымдардың өткір де маңызды нұскауларына, әлеуметтк және рухани жаңғырудың тартымды ыкпалына арналған. Мәңгілік ел туралы ілімді қалыптастыру қажетін бетке ұстап, оның әдістемелік бағдары ұсынылады.

Маркетингтік коммуникациялар: оқу құралы / Н.М. Турлыбекова. - Алматы: Қазақ университеті, 2017. - 242 б.- ISBN 978-601-04-2604-7

Н.М.Турлыбекова
Название:Маркетингтік коммуникациялар
Описание: «Маркетингтік коммуникациялар» оқу құралын шығарудың негізгі мақсаты жалпы студенттерге маркетингтік коммуникация жуйесінің нeгiзri элементтерін олардың тауарды жылжыту кешеніндеп алатын орны мен нарықтық жағдайда бәсекелестік күрес ушін маркетингтік коммуникацияларды қолданудың артықшылығын, тұтынушылармен, делдардармен, серіктестермен байланыс орнатудағы маңыздылығын студенттерге түсіндіру, сонымен қатар студенттерге алған білімдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан бекіту мақсатында тәжірибелік тапсырмалар, кейстер берілген. Оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары мен факультет оқытушыларына, студенттеріне, магистранттарына арналған. Сондай-ақ оқу құралы, маркетингтік коммуникациялар бойынша өз біліктілігін жоғарылатқысы келген кез келген мамандарға пайдалы болуы мумкін.

ЖОО психологиялық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі:оку куралы / АД. Егенисова. - Алматы:Бастау, 2018. - 304 б.- ISBN 978-601-281-257-2

А.Қ Егенисова
Название:ЖОО психологиялық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі
Описание: Бұл оқу құралында қазіргі кезеңде психологиялық білім беру жүйенің арнайы міндеттерін оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері туралы қалыптасқан негізгі тенденциялар, психологияның негізгі категориялары. оқу ic-әрекетін оның басты компоненттерін психологиядағы оқытудың турлерін проблемалы, бағдарламалық, ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясы, дамыта оқыту теориясы, кредиттік оқыту жүйесін оқу мотивациясы туралы сөз болады. Сонымен қатар, ЖОО психологиялық пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдері, лекция және оның түрлеріне, семинар және практикалық сабақтарды оқытудың әдістемелері беріліп, психологияны оқытуда техникалық құралдарды, көрнекіліктерді және оқытудың интерактивті әдістерін. кейс-стади, дискуссия әдісі, «Миға шабуыл», доңгелек стол әдістерін «іскерлік ойын», эвристикалық әңгіме, тренинг, релдж ойын және т.б. оқу процесінде қолдану жолдары ұсынылады. Ұсынылып отырған оқу құралында кредиттік оқыту жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, психологияны теориялық және колданбалы ғылым ретінде оқыту проблемалары да қарастырылған.

Психологияны оқыту әдістемесі: оқу құралы / А.Қ. Егенисова. - Алматы: Бастау, 2018. - 352 б.- ISBN 978-601-281-258-9

А.Қ Егенисова
Название:Психологияны оқыту әдістемесі
Описание: «Психологияны оқыту әдістемсі» 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының кәсіптендіру циклындағы міндетті пән ретінде оқылады. Ұсынылып отырған оқу құралы материалдарының мазмұны, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы дайындап, ұсынған үлгілік оқу бағдарламасы бойынша дайындалып жазылған. Бұл оқу құралында, психология пәні бойынша сабақтың сипаттамалары, дәрісті дайындау, дәріс түрлері, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды өткізу әдістемелері психологияны оқытуда техникалық құралдарды қолдану және білімді тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, білімді тексерудің турлері мен формалары туралы сөз болады. Сонымен қатар, психологияны оқытудың мақсат, міндеттері, оқу тапсырмаларының таксономиясы, психологияны оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: бағдарламаланған, мәселелік. интербелсенді әдістердің түрлері т.б. оқу үрдісінде пайдаланудың тәсілдері мен жолдарын ашып керсетілген. Ұсынылып отырған оқу құралын педагогика және психология мамандығында оқитын магистранттар мен студенттерге, психология пәнінің оқытушыларына, мектеп психологтарына, білім беру саласының қызметкерлеріне өз жұмыстарында пайдалануға болады.
Прокрутить вверх

Наши контакты
Следуй за нами